Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Бала неге терлейді (гипергидроз)

Баладағы жоғары тершеңдік кейде балада қандай да бір аурудың бар екендігінің негізгі белгісі болып табылады, оның белгілерінің бірі гипергидроз (жергілікті немесе жалпы жоғары тершеңдік). Баладағы жоғары тершеңдік кейде балада қандай да бір аурудың бар екендігінің негізгі белгісі болып табылады, оның белгілерінің бірі гипергидроз (жергілікті немесе жалпы жоғары тершеңдік). Егер бала белсенді ойын ойнағаннан кейін немесе қалың киімнен терлеген болса, оған алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда көп терлеу ағзаның жылуға деген реакциясының нәтижесі болып саналады. Ал, егер бала салқын бөлмеде терлейтін болса, жоғары тершеңдіктің әсерінен болатын әртүрлі ауруларды жою қажет екендігін көрсетеді.

Балалардағы артық тер бөлінудің кең тараған себептері

Ұлдар мен қыздардағы терлеудің жиі себептері болып саналады:

  • артық салмақ – толық балалардың арық балаларға қарағанда қозғалуы қиынырақ болады;
  • рахит – балалардағы  D дәруменінің тапшылығына байланысты болатын ауру. Бұл ауру қарқынды өсу кезеңінде туындайды. Ауру сүйек қаңқасын көбірек зақымдайды. Оның алдын алу үшін таза ауада ұзақ уақыт серуендеу, шынығу мен массаж ұсынылады; 
  • жан-дүниелік толғаныс – қобалжу кезінде ересектердің қолтығы немесе алақандары терлесе, ал балалардың жиі басы мен мойны терлейді. Егер жоғары тершеңдіктің себебі баланың қорқынышы мен қобалжуы болса, онда ата-аналары  ұлымен/қызымен сөйлесіп, оны не мазалайтынын анықтау қажет; 
  • генетикалық бейімділік – егер отбасында туыстарының бірі терлейтін болса, онда балада да бұндай мәселе туындауы мүмкін. Ерлерде немесе әйелдерде анықталған тершеңдік пен балада туындаған гипергидроз екеуі бөлек нәрсе болып табылады. Ересектерге Теймур сықпасы көмектессе, ал баладағы жоғары тершеңдік ағзадағы ішкі ақауларға байланысты мәселе болғандықтан, кешенді емді қажет етеді.

Егер бала қатты терлесе не істеу қажет?

Басты қағида былай болады: егер бір жастағы бала терлесе, онда оған көп сұйықтық беру керек. Қызудың барлық мүмкін болатын себептерін жою қажет. Бірақ бұл балаға аз қозғалу қажет дегенді білдірмейді. Яғни, оны жұқа киіндіріп, бөлмедегі ауаны тазартып, ылғалдап сүрту керек. Бала ұйқтайтын және ойнайтын бөлмедегі оптималды температура 18-20 градус арасында болуы қажет.

Жоғары тершеңдік балаға кедергі келтірмеу үшін, ата-аналары баланы сәби кезінен бастап шынықтыру керек: үстіне салқын су құйып, контрастты душты қолдануға болады.

Тершеңдік ағзаның сусыздануына, тұздардың, сонымен бірге калий және натрий сияқты элементтердің жоғалуына алып келеді. Бұл қосылыстар жүректің, жүйке және иммунды жүйенің қалыпты қызметі үшін қажет болып табылады.  

Баладағы гипергидроз: белгілері

Балалардағы патологиялық жоғары тершеңдік гипергидроз деп аталады. Ата-аналардың бұл ауруды анықтауының ешбір қиындығы жоқ. Анасы немесе әкесі баланың төсек жаймасынан ылғалды дақтарды байқауы немесе баласындағы қолының ылғалдылығын, шаштарының ылғалдылығын, бетінің қызаруын, табанының ылғалдылығын, жағымсыз сипаттағы иісті сезуі мүмкін.  Бұндай айқын белгілерге көңіл-күйдің нашарлауы қосылады: жоғары тершеңдіктің әсерінен бала өзін нашар сезінеді, ашуланшақ, жылаңқы болып кетеді; ұйқысына және тәбетіне байланысты мәселелер туындайды. Кейінірек басқа белгілер де қосылады: жоғары тершеңдік аймақтарында бөртпелер, қызыл дақтар пайда болады.

Бір жасқа дейінгі бала қатты терлейді: алаңдауға негіз бар ма?

Нәрестелер және бір жасқа дейінгі балалар жиі терлейді. Көптеген ата-аналарды бұл симптом алаңдатады, олар алдын алып, кейбіреулері дәрігердің көмегіне жүгінеді. Нәрестелердің бөліну жүйесі толық қалыптаспағандығын түсіну керек. Ол толығымен 5-6 жаста қалыптасып бітеді, сондықтан да ерте жастағы баланың қатты терлеуіне алаңдаудың қажеті жоқ (егер балада гипергидроздан басқа белгілері анықталмаса).

Егер нәресте терлесе, не істеу керек?

Баланың жағдайын жеңілдету үшін, жылу беру жүйесін реттеу үшін және ұлына/қызына алаңдамау үшін, ата-аналар осындай қағидаларды ұстану қажет:

  1. Егер бала терлесе, оны орап, қымтаудың қажеті жоқ.
  2. Бала ұйқтайтын бөлмедегі ауа температурасын қадағалау қажет.
  3. Баланың киімін және төсек жаймасын табиғи матадан жасалынғанын таңдау керек.
  4. Баланы қалыпты ауамен қамтамасыз ету –  жиі желдетіп тұру керек, төсек балдахинінен және бала төсегінің қорғанышы- «бамперден» бас тарту қажет.
  5. Балаға ол еміп жүрген кезінде де су беріп тұру. Нәрестеге екі айынан бастап су беріп тұру керек.
  6. Үйдегі тыныш атмосфераны қадағалау: ата-ананың айқайы, шу, тықырлар – барлығы баланың жүйке жүйесінің қызметін бұзады, ол осы мәселеге алаңдағандықтан, оның денесі терлей бастайды.

Артық салмағы бар баладағы жоғары тершеңдік

Егер бала артық салмақтан зардап шегетін болса, онда гипергидроз симптомы жиі анықталады. Бұл мәселеде балаға көмектесу үшін, ата-анасы осындай жағдайдың себептерін болдырмау керек, яғни артық салмақпен күресу қажет. Оны қалай жасауға болады? Оған келесідей шаралар кешені көмектеседі:

  • баланы спорттық ұйымдарға (футбол, тай боксы, жүзу т.б.) апару;
  • бала рационынан әртүрлі тәттілерді, ашытылған өнімдерді, фастфуд өнімдерін алып тастау. Оның орнына көкеністер мен жемістерді тұтыну;
  • тұрақты түрде ұлыңызбен/қызыңызбен жаяу қыдыру;
  • баланың компьютердегі, планшеттегі, телефондағы ойынын шектеу керек. Үйде гаджетпен отырмай, доп қуып, алаңда басқа балалармен ойнап, белсенді болуы қажет;
  • ата-аналар балаға көңіл бөлуі қажет: күнін қалай өткізгенін сұрап, қызықтырып, бала-бақшадағы, мектептегі жағдайын біліп, бірге қыдыру керек.

Баланың басы неге терлейді?

Бастың жоғары тершеңдігін шақыратын факторлардан бөлек (бөлменің ысып кетуі, баланы орап тастау), бастың жоғары тершеңдігінің себебі болуы мүмкін:

  1. Суық тию, ЖРВИ, баспа кезінде – бастың тершеңдігі баланың дене температурасының жоғарылауымен байланысты болады. Гипергидроздан бөлек, балада әлсіздік, енжарлық, жөтел, мұрынның бітелуі және суық тиюдің басқа да белгілері анықталады.
  2. Рахит – тек бастың ғана тершеңдігі емес, сонымен бірге, бұл кезде қолтықтың, табанның, алақанның гипергидрозы анықталады. Бас сүйектің самай, маңдай бөлігінің, кеуде торының деформациясы рахиттің белгілері болып саналады.
  3. Жастықтың ішіндегі мамыққа, жуынуға арналған құралдарға аллергиялық реакциялар. Кейде аллергия кезінде балалардың басының жоғары тершеңдігі анықталады.
  4. Жүрек жеткіліксіздігі. Осындай патологиясы бар балаларда суық тер, ентігу, кідірмелі және жиі тыныс, еріннің көгеруі анықталады. Ауру тұмаудың, анемияның немесе пневмонияның салдарынан дамиды.

Бала ұйқтағанда неге терлейді?

Қызыну, синтетикалық киімдер және төсек жабдықтары, құрғақ ауа, қатты тойып кетуден бөлек, баланың ұйқтағанда терлеуінің себебі болатын патологиялық факторлар бар:

  1. Вирустық инфекция.
  2. Қалқанша безі қызметінің патологиялары.
  3. Қан түзу жүйесінің аурулары.
  4. АІЖ, бауыр аурулары.
  5. Рахит.
  6. Жүрек жеткіліксіздігі.

Балалардағы гипергидрозды емдеу

Жоғары тершеңдіктің себебін міндетті түрде біліп, баладағы гипергидрозды сауатты түрде емдеу қажет. Осындай мәселені емдеу көп жағдайда гипергидроз симптомы бар, қойылған диагнозға байланысты болады:

Баладағы жоғары тершеңдіктің себептері

Емдеудің ұстанымы

Емі

Артық дене салмағы

Дене салмағын қалыпты көрсеткішке дейін төмендету

Емдәм, күшейтілген физикалық жүктеме

Инфекциондық немесе вирустық аурулар

ЖРВИ-ді, тұмауды, асқынумен жүретін суық тиюді уақытылы емдеу

Вирусқа қарсы препараттарды, дәрумендерді, иммуностимуляторларды қабылдау

Рахит

 D дәруменінің тапшылығын жою, фосфор-кальций алмасуының көрсеткіштерін қалыптыға келтіру

 D дәруменін, сонымен бірге кальций мен магнийі бар препараттарды ішу, күн ванналарын қабылдау

Аллергия

Аллергенмен қатынасты жою, ағзаның қорғаныс күшін арттыру

Антигистаминдік препараттарды қабылдау, кальций тапшылығының орнын толтыру, энтеросорбенттердің көмегімен аллергендерді енгізу, токсиндерді шығару үшін көп сұйықтық ішу

Жүйке жүйесі қызметіндегі ақаулар

Депрессивтік бұзылыстарды, үрейлік шабуылдарды жою

Седативті препараттарды қабылдау, массаж, ароматерапия, салауатты өмір салты, дәрумендерді, минералдарды, тыныштандыратын өнімдерді қабылдау

Салдарлары

Егер бала ұйқтағанда, ояу кезінде немесе ешбір себепсіз кенеттен терлейтін болса, онда бұл кез-келген ананы алаңдатуы керек. Дәрігерден баланың неге терлейтінін, бұл жағдай немен байланысты екенін сұрау керек. Егер ата-аналар бұл жағдайға бей-жай қараса, жағымсыз салдарлары болуы мүмкін: ағзаның сусыздануы, көп мөлшерде минералды заттарды жоғалту нәтижесінде, ағзаның барлық қызметіндегі ақаулар, терінің саңырауқұлақтық зақымдануы, псориаз, соған қоса психологиялық мәселелер: тұйықтық, құрдастарымен араласудан қорқу және т.б. жағдайлары болады.

Түнгі тершеңдікті, табанның, алақанның, бастың немесе барлық дененің гипергидрозын болдырмауға балаларға арналған дәрумендер Доромарин көмектеседі. Бұл емдік-профилактикалық өнім гипергидроздың профилактикасы мен кешенді емдеуде қолданылады. Кешен бірнеше бағытта әсер етеді, тек жоғары тершеңдіктен арылтып қана қоймай, гипергидроз себептерін жоюға көмектеседі: 

  • ағзаның қорғаныс күшін арттырады, балада гипергидроз туындатуы мүмкін инфекциондық және вирустық аурулардың алдын алады;
  • зат алмасуын жақсартады, майдың жиналуының алдын алады, оның тез ыдырауына ықпал етеді, майды энергияға айналдырады. Кешен артық салмақтың себебімен күреседі, семіздіктің нәтижесінде болатын жоғары тершеңдіктің түзілуінің алдын алады;
  • жүйке жүйесінің қызметін жақсартады;
  • токсиндердің шығарылуына ықпал етіп, аллергияның туындау қаупін болдырмайды;
  • жүректің қызметіне жағымды әсер етеді, қан айналымын қалпына келтіреді, гипергидрозды туындататын себептердің бірі – жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуының алдын алады. 

Доромарин кешенінің ерекшелігі

Егер бала терлесе, ең алдымен гипергидроздың себебін анықтап алу керек. Дегенмен, қандайда бір қиындықтар туындап жатса (дәрігерге диагноз қою қиын болғанда, гипергидроздың себебі не екенін нақты айта алмаса), онда Доромаринді ішуді бастау қажет. Бұл өнімнің ерекшелігі – баланы тек гипергидроз симптомдарынан ғана арылтып қоймай, өзін нашар сезінудің себебін де емдейді. Доромарин кешені былай әсер етеді: 

  • эндокринді, вегетативті тамырлық, жүйке жүйелерінің қызметтерін реттейді;
  • тер бөліну процессін қалпына келтіреді;
  • қатты терлеу себептерін: аллергины, жүйкелік бұзылыстарды, орталық жүйке жүйесінің ауруларын, эндокринді патологияларды және т.б. емдейді;
  • жоғары тершеңдік жағымсыз иіспен болатындықтан, бактериялар мен микробтарға қарсы күресу үшін, ағзаның қорғаныс күшін арттырады;
  • май, нәруыз және көмірсу алмасуын қалпына келтіреді, май жиналу процессін болдырмайды;;
  • бала ағзасына түскен токсикалық заттарды зиянсыз етеді;
  • қанның құрамын және т.б. жақсартады.

Доромарин – бұл барлық ағзаның қызметіне қолайлы жағдай туғызып, әртүрлі аурулармен күресуге кмектесетін, соның ішінде жоғары тершеңдікпен де күресетін, балаларға арналған табиғи кешен.

Егер сіз баланың неге қатты терлейтінін білмесеңіз, (анализ нәтижелерінде ешқандай патологиялар болмауы керек), онда балаларға арналған дәрумендер кешені Доромаринді сатып алыңыз. Бұл емдік-профилактикалық өнім патологиялық терлеуде, соған қоса, балалар жиі ауыратын басқа да мәселелерде: тәбеттің нашарлауында, аденоидта, гемоглобиннің төмендеуінде, иммунитеттің төмендеп, әртүрлі респираторлы және вирустық инфекциялардың туындауында септігі тиеді.  

Доромаринның құрамы

Иммунитетке арналған дәрумендер Доромарин – бұл балалардағы гипергидрозға, жоғары тершеңдікке және басқа да мәселелерге қарсы теңдесіз емдік өнім. Табиғи кешеннің жоғары әсері оның құрамының арқасында:

  • Бұл өнімнің ерекшелігі – баланы тек гипергидроз симптомдарынан ғана арылтып қоймай, өзін нашар сезінудің себебін де емдейді. Доромарин кешені былай әсер етеді:

    ангустат ламинариясы  – бұл барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін жақсартуға болатын теңіз сыйы, нағыз қазына болып табылады. Егер балада жоғары тершеңдік болса, онда Доромариннің құрамында болатын ангустат ламинариясы май және тер бездерінің қызметін реттеуге, жүректі нығайтуға, тәбеттің болмауы, шаршағыштық, күштің әлсіреуі сияқты жағысыз жайттарды болдырмауға көмектеседі. Бұл өсімдік құрамындағы көп мөлшердегі D дәруменінің әсерінен балалардың сүйек тінін, тістерін нығайтады;
  • трепанг сығындысы – күшті антибактериалды әсер көрсетеді, ауырғаннан кейін, соның ішінде гипергидроздан кейін, бала ағзасының тез қалпына келуіне ықпал етеді, гельминтозбен, авитаминозбен, бронхитпен, ларингитпен, демікпемен және т.б. күреседі;
  • жеміс шырыны – Доромарин өнімінің дәмдік қасиетін жақсартады;
  • теңіз кальцийі – баланың өсу кезеңінде, аурудан кейін қалпына келу барысында, сонымен бірге экологиялық қолайсыз аймақтарда, үлкен қалаларда тұратындар үшін қажетті кальциймен ағзаны толтырады;

Соған қоса кешеннің құрамында дәрумендер, микро- және макроэлементтер, полисахаридтер болады, ол дәрумендік кешеннің негізгі компоненттерінің әсерін күшейтеді, иммунды жүйенің қызметін жақсартады, ұйқыны тыныштандырады, баланың физикалық көрсеткіштерін жоғарылатады және т.б.

Доромарин – өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін алмастырылмайтын көмекші болып табылады. Бұл өнімнің сапасына өзіңіз көз жеткізіп, гипергидроз туралы пікірлермен және осы аурудың тиімді емімен танысыңыз.

Сіз Доромарин бүкіл Қазақстан бойынша тегін жеткізе аласыз.

Доромаринді сатып алу


Ребенок потеет

Пікірлер шынайы адамдардың

Здравствуйте, да пьем. Очень хорошие витамины! Спасибо вам большое! Ребенок много не потеет и зубы быстро вылезают, аппетит хороший

Принимаем Доромарин, закончили две банки. Слава Аллаху, уменьшилась потливость, повысился иммунитет. Раньше не могли никуда выходить из-за потливости. Сейчас пьет прохладную воду, ест мороженое.

Я приобрела для своей 3 месячной дочке. Видим хорошие результаты от Доромарин. Она часто потела, сейчас все прошло. Теперь надеюсь, что сердцу тоже принесет пользу, конечно во первых благодаря Аллаху.

У обеих дочек все хорошо. У них аппетит повысился, начали спать спокойно, перестали потеть и нормализовался стул. У старшей дочки исчез неприятный запах изо рта. Спасибо вам большое.

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Доромарин Отзывы

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу