Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Бала ағзасындағы мыстың (Cu) маңызы мен рөлі

Мазмұны: [Көрсету]

Мыс –адам ағзасындағы ең маңызды микроэлемент болып табылады.Бұл зат әртүрлі жүйелермен әсерлеседі және көптеген үрдістерге жауап береді.Мыс — маңызды микроэлементтердің бірі, яғни адам ағзасындағы әрбір жасушаның жұмысын бақылап отырады. Оны қанда, бұлшықетте, сүйекте, өмір үшін маңызды ағзаларда, яғни бауырда, жүректе және бас миында кездестіреміз. Ендеше, мыс неге соншалықты маңызды және қандай құрамды болып келетіні қарастырайық.

Адам ағзасындағы мыстың қызметі

Мыс адам ағзасындағы алмастырылмайтын микроэлемент болып саналады. Ол әртүрлі нәруыздардың метаболизмі мен синтезіне қатысады, сонымен бірге қан түзу процесіне, жасушаның дамуына, иммунды жүйенің қалыптасуына ықпал жасай отырып, ағзаның әртүрлі жүйелеріне белсенді әсер етеді.

 Аталмыш микроэлемент көптеген қызмет атқарады, соның ішінде:

  • эритроциттер мен лейкоциттердің синтезі;
  • коллаген және эластиннің синтезі, яғни терінің эластикалығына, сондай-ақ сүйек тінінің беріктігіне жауап береді;
  •  гипофизді стимулдейді, нәтижесінде кейбір гормондар өзінің белсенділігін жоғарылатады;
  • ас қорыту жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді;
  • нәруыздардың және ферменттердің синтезіне қатысады.

Бұдан бөлек, еркін радикалдарды бейтараптау арқылы иммунды жүйені нығайтады. Микроэлемент қабынуға қарсы және микробтарға қарсы әсер көрсетеді, яғни айтарлықтай ауру шақыратын зиянды ағзалардың белсенділігінің алдын алады. Сонымен бірге пигменттену процесіне белсенді қатысады және жеткіліксіздігі кезінде әртүрлі тері аурулары туындауы мүмкін.

Мыс тапшылығы кезінде не болады?

Мыс тапшылығы дүниеге уақытынан бұрын келген кішкентай балаларда жиірек кездеседі. Бұл құбылыс сондай-ақ ересектерге де тән, ол ағзаның жеке жүйелерінің ақауын шақыратын басқа аурулардың салдары ретінде дамиды.

Бұл микроэлементтің тапшылығы кезінде келесі симптомдар анықталады:

  • аса шаршаңқылық;
  •  түктердің түсуі;
  •  тері пигментациясының бұзылысы;
  •  иммунды жүйенің қызметінің әлсіреуі;
  •  түктердің сиреуі;
  •  варикозды кеңеюлер;
  •  ішкі қоздырғыштардың әсерінсіз туындайтын бөртпелер;
  •  аневризма.

Мыстың жеткіліксіздігінен жүйке жүйесі зардап шегеді, яғни жүйке импульстары жүрек бұлшықеттеріне және басқа да мүшелерге әртүрлі жылдамдықпен барады. Бұл аритмия және бұдан бөлек басқа да неврологиялық бұзылыстарға әкеледі. Микроэлемент жеткіліксіздігі витилиго дамуының себебі болып табылады, яғни тері қабатының пигменттенуінің бұзылысының, остеопороздың және холестерин деңгейінің жоғарылауының да пайда болуына соқтырады.

Мыстың ағзадағы қорын қалай толтырамыз?

Мыс дүкендерден табылатын көптеген азық-түліктерде болады, сондай-ақ егер сіздің кішігірім бақша учаскеңіз болса, өзіңізге сол жерде өсіруге болады. Бұл элемент төмендегі заттардың құрамына кіреді:

  • теңіз өнімдерінде;
  • жаңа сойылған малдың етінде;
  • құстың етінде;
  • көкөністерде;
  • жасылжапырақтыларда;
  • дәнді-дақылдарда;
  • жаңғақтарда;
  • бұршақ тұқымдастарда.

Сондай-ақ, мысты ауыз судан да кездестіреміз. Бұл жердегі концентрациясы1 л-ге 1 мг-ды құрайды, бірақ бұл тек табиғи сұйықтық болған жағдайда ғана іске асады. Экологиялық таза судың құрамында ешбір пайдалы микроэлемент болмайды және мөлшерден тыс қолдану микроэлемент тапшылығының бірден - бір себебі болып табылады.

Сондай-ақ, мырыш, молибден, C дәрумені, фруктоза мысты ығыстырады немесе керісінше. Сондықтан барлық микроэлементтің қалыпты мөлшерін тепе-теңдікте ұстау өте маңызды болып табылады. Дәл осы тепе-теңдігінің бұзылуы ағзадағы жүйелік ақауларға әкеледі, яғни әртүрлі аурулар мен патологиялардың себебі болып табылады.

Балаларға арналған дәрумендер кешені - Доромарин

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Егер сіз балаңыздың денсаулығына алаңдасаңыз және оның ағзасына қажетті мыстың күнделікті мөлшерін алып отыруын қаласаңыз, онда бұл Доромаринді қабылдаудың дәл уақыты. Ол табиғи өнім болып табылады, сонымен бірге оның құрамында жеміс шырыны және көптеген басқа да микроэлементтер болады.

Құрамының негізгілерін атап айтсақ:

  • қиыршығыстық ламинария — денедегі әрбір жасушаның жұмысын қалыпқа келтіреді, құрамындағылардың бірі болып табылады;
  • трепанг сығындысы — фолий қышқылының негізгі көзі, жасуша қызметінің, сонымен қатар жүйкенің қалыпты болуына да жауап береді;
  • теңіз кальциі — сүйекті нығайтады, яғни оларды әртүрлі жарақаттарға төзімді етеді.

Доромарин төмендегі жағдайларда көмектеседі:

  • баланың иммунитетін нығайтады;
  • таным процесін белсендіреді;
  • шаршағыштық симптомдарынан арылтады;
  • авитаминозды жояды;
  • созылмалы және тұқым қуалайтын аурулардың алдын алады;
  • әрбір ішкі ағзаның қызметін бақылайды.

Егер балаңыз жылына екі реттен көп ауырса, онда ұзаққа созудың қажеті жоқ, тездетіп Доромаринге тапсырыс беріңіз. Оның дәмі өте жағымды, әрі қолжетімді бағада босатылады. Doromarine барлық жастағы балаларды алдағы уақыттағы тап болатын әртүрлі зардаптардан қорғайды.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу