Доромарин - дені сау ұрпақ, бақытты отбасы!

Бала ағзасындағы бордың (B) рөлі және қызметі

Мазмұны: [Көрсету]

Адам ағзасында бор бірнеше маңызды қызметтер атқарады, дәрумендердің және микроэлементтердің кейбір топтарының сіңірілуіне көмектеседі, сонымен бірге сүйектер мен буындарды берік қыладыАдам ағзасы көптеген микроэлементтер мен химиялық қосылыстардан тұрады. Олардың әрқайсысы түрлі қызметтер жасай отырып, өзінің рөлін атқарады. Осындай микроэлементтің бірі бор болып табылады. Ендеше, адам ағзасындағы бордың маңыздылығы кандай және оның жетіспеушілігінен болатын зардаптар туралы сөз қозғайық.

Адам ағзасындағы бордың қызметі

Адам ағзасына азғана мөлшерде қажет болатын микроэлемент ол – бор. Оның негізгі қызметі – сүйек ауруларының алдын алу. Микроэлемент майлардың, көмірсулардың алмасуына белсенді түрде қатысады, жеке ферменттердің қызметін ынталандырады. Бордың мөлшері көп болып кетсе, ол қанттың жоғарылауына, сондай-ақ адреналиннің басылуына әкеледі.

Сонымен қатар,  бор D дәрумені, кальций, магний, фосфор және басқалары кездесетін  микроэлементтің сіңірілуіне жанама әсер етеді. Ең бастысы – мұның барлығы бүкіл ағза бойымен жасушалық деңгейде болады, сондықтан микроэлемент жетіспеушілігі кезінде оның салдары өте нашар болуы мүмкін.

Бордың маңызды қызметтерінің бірі тірек-қимыл аппаратының калыпты жағдайын ұстап тұру болып табылады.  Кажетті деңгейді ұстап тұрғанда бала сүйегі берік болады, ал айтарлықтай биіктіктен секірген кезде де сынып қалады деп күдіктенбейсіз. Сонымен бірге, дененің түрлі бөліктеріндегі жасушалар арасында қоректік заттардың алмасуы жақсарады, соның нәтижесінде бала өседі.

Микроэлемент жетіспеушілігінің зардаптары

Ағзада бор мөлшерінің жетіспеушілігі кезінде бірінші кезекте тірек-қозғалыс аппаратын зақымдайтын түрлі аурулар пайда болуы мүмкін.  Олардың ішінде:

  • артрит;
  • артроз;
  • остеопороз бар.

Сондай-ақ қалқанша безі зардап шегеді,  себебі ол өз жұмысын ынталандырып отыратын ферменттердің қажетті мөлшерін ала алмай қалады. Бұл жағдайда жасөспірімнің өсуі мүлде тоқтап, төменде көрсетілген жағдайлар орын алуы мүмкін:

  • Несеп-тас ауруы;
  • Тромбоцитопения;
  • Ақыл-ес кызметінің нашарлауы;
  • Гиперхромды анемия.

Бор жетіспеушілігі қашанда D дәруменінің жетіспеушілігімен қатар жүреді, бұл тізе артрозы деп аталатын ауруға шалдықтыруы мүмкін. Мұндай ауру кезінде буындар аз қозғалып,  бала сырқаттың салдарынан аз қозғалатын болып қалады. Балалардың сүйектері сау болу үшін, оның ағзасын күнделікті бормен толықтырып тұру қажет. Аталған микроэлементтің тәуліктік мөлшері 1 мг құрайды.

Бордың қорын қалай толтыруға болады?

Егер балаңыздың сүйектері мықты болып, ол бор жетіспеушілігінен зардап шекпесін десеңіз, төменде  көрсетілгендерді қабылдау жеткілікті:

  • Теңіз өнімдерінің кез келген түрін;
  • Алмұрт, құрма және қара өрік;
  • Жаңғақтар, асқабақ және күнбағыс дәні;
  • Бұршақтар, жасыл жапырақтылар және қызанақтар.

Бұл микроэлементтің көп мөлшері теңіз өнімдерінде болады. Осы жерден балалар фосфор, магний, сынап сияқты басқа да пайдалы элементтерді алады, ал бор олардың ағзада дұрыс сіңірілуіне көмектеседі.

Сонымен қатар бұл микроэлементті бор қышқылы немесе натрийдің тетраборат декагидраты түрінде басқа да тағам өнімдерінен табуға болады. Бұл түрінде олар оңай сіңіріледі және зәрмен бірге шығып кетеді.

Доромарин — бордың табиғи көзі

Балаларға арналған “Доромарин” дәрумендері тек табиғи өнімдерден жасалған, ал дәмі жағынан кәдімгі шырын сияқты. Балаңыз дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігінен зардап шекпеуі үшін Доромарин кабылдау қажет. Оның құрамында өсіп келе жатқан ағзаға қажеттінің барлығы бар. Ол дәрумендер кешенінен басталып, микро- макроэлементтер жиынтығымен, соның ішінде бормен аяқталады. Ингридиенттер тізімінен төмендегілерді таба аласыз:

Doromarine тек табиғи құрамдас бөліктерден тұрады. Оны үнемі қабылдау аллергиялық реакция тудырмайды және оған тәуелділік туындамайды, сол себепті оны шектеусіз іше беруге болады.

Төмендегі жағдайлар орын алса, балаңыздың Доромарин қабылдауы қажет:

  • Оқуына мүлде үлгере алмаса;
  • Үнемі шаршап жүретінін айтып шағымданса;
  • Жылына 2 реттен көп ауырса;
  • Үнемі энергия көзі қажет болса;
  • Уақытының көбін қозғалыссыз өткізсе (компьютердің немесе теледидардың алдында);
  • Түрлі аурулардың таратушысы болып табылатын жануарлармен немесе басқа балалармен үнемі қарым-қатынаста болса.

Доромарин иммундық жүйені күшейтеді, сүйектерді мықты етеді, сонымен қатар бала ағзасының кедергісіз өсіп, дамуын қадағалап, оның барлық кызметтерін реттеп отырады.

Телефон нөміріңізді қалдырып, біздің мамандардың тегін кеңесін алыңыз.

Кері қоңырау

X

WhatsApp-ге жіберу