Бала біткенен бастап жүктіліктің 4 аптасы
Бұл эмбрионның қалыптасуының ерте сатысы. Аналық жасуша немесе зигота ұрықтанып, бөліне бастайды. 3 тәулік өтті және ол морула болып саналады, 4 тәулікте ол ұлғайып, оны бластоциста деп атайды. Медициналық терминдерді білмейтіндер үшін, жатыр қабықшасына олар ойлағандай аналық жасуша-зигота емес, бластоциста енеді деп түсіндіріледі.
Химиялық әрекеттер қалай жүретіне егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ қояйық, басты нәрселерді айтайық: Осы кезеңде бластоциста ХГЧ гормонын бөледі. Зертханалық жағдайларда бұл гормонды несептен алуға болады. Дәріханаларда сатылатын жүктілікті анықтауға арналған тесттер тура осы гомонның жоғарғы деңгейін анықтау арқылы белгі береді.
Эмбрион қалай дамиды, 4 аптада ұрықтың жағдайы қалай болады?
4 аптада эмбрион қалай дамитынын қарастырайық па? Ол өз тапсырмасын орындай ма? Бұл кезеңде барлық ішкі органдар қалыптасады, олар эмбрионның өмір сүру қабілетіне кепілдік береді. Тура осы кезде эндокриндік жүйенің қалыптасуы болады. Осындай жылдам дамуының арқасында, ұрық өмір сүруге қабілетті болады, оның жатыр ішіндегі өсуі мен жүктілік жалғасын табады.
Балалар өмірдің гүлі деген нақыл осы кезеңмен байланысты. Себебі басында 3 ұрық жапырағы болса, осыдан келіп бала денесі қалыптасады. Ал бұл құбылыс былайша жүреді, жатыр қабырғасына жасуша жабысады да, ол 2 қабатпен жабылады. Оның алғашқысы сыртқы қабық болып табылады және жатырмен тұтасады (екіншісінен қарағанда ашығырақ түсті). Эндометрия 2 ішкі қабатты болып табылады. Оның ішінде қан болады. Уақыт өте келе одан ұрық, одан 3 ұрықты жапырақты эмбриобласт пайда болады. Олардан ішкі органдар қалыптасады.
Жүкті болып, оны неше ай бойы көтеру керектігі туралы ғылыми негізді білген кезде, баланы соңына дейін сәтті көтеріп жүру үшін анасының қаншама қиындықтан өтетінін білетін болады. Табиғат барлығын дұрыс ойластырған, бірақ бұл деректерге ешкімнің таласы жоқ. Ұрық жатыр қабырғасына енуі керек және осы кезде оның айналысында өзіндік «көрпеше» пайда болады. Бұл эмбрионның қоректену ортасы қызметін атқарады.
Ұрықтың жапырақшалары арасында судың тамшысы, ал оның айналасында бүрлер пайда болады. Олар қоршаған ортаның жағымсыз әрекеттерінен эмбрионды қорғап тұрады. Бала жолдасы пайда болған уақытқа дейін, ұрық қорғансыз болады. Себебі оның ұзындығы тек 5 мм құрайды.
Бұл уақытта ұрықты болашақ бала деп санайтындар, гормондардың кішкене өзгерісінің өзіне аса мән беруі керек. Егер гомондарда қандай да бір ақау болса, бұл түсік тастауға немесе ұрықтың дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін. Ұрық үшін жатырдың қабынуы да аса қауіпті.
Егер етеккір келетін уақытқа дейін әлі ерте болып, кенет қан кету орын алса, бұл имплантациялық қан кету деп аталады. Бұл не? Сіз бала күтіп жүрсіз бе?
Жүктіліктің 4 аптасы келгені туралы белгілер
Бала күтіп жүрген әйел ағзасында қызықты өзгерістер орын алады. Болашақ ана сабырлы болып, тыныштық орнағанын сезеді. Мұның барлығы гормондық өзгерістердің салдары, бұл болашақ баланың тірі қалуына бағытталған. Мұндай өзгерістер әйелдің миына да әсер етеді.
Осы сәттен бастап сізге жүктіліктің барлық белгілері біліне бастайды және оның барлығы жағымды бола бермейді. Мысалы, таңертең жүрегіңіз айныйды, бұрын жақсы көретін тамақты көрсеңіз құсқыңыз келеді, түрлі иістерден лоқсуыңыз мүмкін. Көңіл күйіңіз болмаса, ашуланып аласыз, бүкіл үйді аяғына тік тұрғызасыз. Сіз мұндай өзгерістердің себебін түсініп, мұның еш әбестігі жоқтығын біліңіз.
Айналаңыздағылар: «Бұл, жүкті ғой!» деп сыбырласуы мүмкін. «Дәл солай! Деп жымиыңыз. «Енді менің айналамды бүкіл әлем шарлауда», - деңіз.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл кезде әйелдің жүкті екенін тест көрсете бермеуі мүмкін. Гомондық фон өзгерді, ХГЧ көп бөлінеді, әйел жүкті, бірақ тестте ақау туындауы мүмкін. Егер дәрігер де диагнозға сенімсіз болса, ол УДЗ жасауға кеңес береді. Ал сізге бәрі түсінікті, етеккіріңіз жоқ.
Жүктіліктің 4 аптасында әйел өзін қалай сезінеді?
Өзін тура бір апта бұрынғыдай сезінеді. Әйелдің етеккірі келуінің алдында дәл осындай сезімдер болған. Бұл жерде бала күтіп жүрген сияқты емес, әйелдің жүкті болғаны маңызды. Кішкене жүрегіңіз айнып, ішіңіз төмен тартып ауырады.
Егер жүктіліктің 4 аптасында жағындылар болса – бұл дұрыс па не бұрыс па?
Бұл қиын кезең. Бұрын етеккір келуіне санаулы күндер ғана қалса, енді етеккір тек 9 айдан соң келеді. Кейбір әйелдердің бұл кезде жатыр тонусы жоғары болады. Қан секілді кейбір нәрселер білінуі мүмкін. Не істеу керек? Ештеңе. Тек диагнозыңыздың дәлдігіне көз жеткізесіз – Сіз жүктісіз.
Жүктіліктің 4 аптасында қалай тамақтану керек?
Бұл кезеңде алдымен дәрігерге, сосын дәріхана кіріп шығу керек. Бұрын жүктілерге арналған дәрумендер дегенді әрине көзіңіз шалған болар. Шындығында, осы кезде Сіз көп дәрумен қабылдауыңыз қажет. Синтетика ішудің қажеті шамалы. Теңгерімді сақтауға тырысып, химия қабылдаудан басқа тамақ үлесіңізге пайдалы өнімдер қосыңыз.
Жүктіліктің бірінші аптасынан бастап-ақ Өзіңіздің күнделікті тамағыңыздан басқа нәрселер жеуді бастағаныңыз есіңізде ме? Темекіні тастап, таңертең түрлі кептірілген жемістер қосылған сұлы жармасын жеп, ал түнде сүт ішесіз. Қазір де осылай тамақтанасыз ба? Онда барлығы дұрыс. Себебі Сіз жақын арада ана атанасыз және дұрыс әрекет жасап жатырсыз. Бұл уақытта қарныңыз ашпасын, ал неге екенін кеше қарастырғанбыз.